10 облыста қар аралас жаңбыр жауады: 13 қарашаға арналған жол болжамы жарияланды
Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 13 қарашаға арналған жол болжамын жариялап, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, жұма күні бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Қолайсыз ауа райы мына облыстарда күтіледі:
- Ақмола;
- Ақтөбе;
- Павлодар;
- Қарағанды;
- Қостанай;
- Солтүстік Қазақстан;
- Шығыс Қазақстан;
- Абай;
- Жетісу;
- Ұлытау.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну нашарлап, жол тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтау, жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау және күрт маневр жасамау ұсынылады.
Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары дауылды ескерту жариялаған еді. Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар синоптиктер Қазақстанның бірқатар қаласында ауа ластануының жоғарылайтынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript