Қазақстанда әскери ант беру кезінде сарбаздың жағдайы нашарлаған: тараған видеоға қатысты шындық айтылды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстанның әлеуметтік желілерінде әскери ант беру кезінде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздың жағдайы нашарлаған сәт түсірілген видео тарады. Видео жалған емес, алайда ескі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) Jaq.Ortcom Дезинформацияға қарсы күрес орталығының мәліметінше, оқиға 2024 жылы Аягөз гарнизонында болған.

Сол кезде Қорғаныс министрлігі сарбаздың денсаулығының нашарлауын қатты қобалжумен байланыстырған. Ведомствоның хабарлауынша, оның денсаулығына қауіп төнбеген, медициналық көмек уақытылы әрі толық көлемде көрсетілген.

Jaq.Ortcom Дезинформацияға қарсы күрес орталығының мәліметінше, сарбаз мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеп, запасқа шығарылған.

"Осылайша, таралып жатқан видео қазіргі жағдайды көрсетпейді. Мұрағаттағы кадрларды түсірілген күні мен мән-жайын көрсетпей жариялау қолданушыларды жаңылыстырып, қоғамда негізсіз алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Орталық блогерлер мен жаңалықтар парақшаларының әкімшілеріне аудитория алдындағы жауапкершілікті еске салады. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты қасақана тарату заңдық салдарға әкеп соғуы мүмкін", – деп ескертті орталық.

Сурет: Telegram/JAQ.OrtCom.kz

Алматыда Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның бір әскери бөлімінде бірге қызмет етіп жүрген бес жұп егіз анықталды. Сырт келбеттері ұқсас болғанымен, олардың әрқайсысы өзінше ерекшеленеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды