Алдын ала мәлімет бойынша бұл ұсыныстың артында Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны болған. Алайда жәбірленуші күткен пайдасына қол жеткізе алмады. Керісінше, салған қаражатын қайтару кезінде қиындықтарға тап болған.
Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын көлемі 1,9 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу барысында ұстады.
Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды оңай табысқа кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық ұсыныстар үшін несие рәсімдемеуге шақырады.