Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық дерлік аумағына жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Тек республикамыздың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ел аумағында тұман, көктайғақ болады деп болжанады, ал республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді.
Сондай-ақ Қызылорда облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.