Метеорологтердің мәліметінше, елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары болады.