ІМ балалар арасындағы буллингтің биылғы статистикасын жариялады
Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте балалар арасындағы буллингке қарсы күрес нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Асхат Дүйсембеков қазіргі жағдайға қатысты мәліметтерді келтірді.
"Биыл буллингтің 355 дерегі анықталды. Барлық дерек бойынша ата-аналар жауапкершілікке тартылды. Біз әр жағдайды жан-жақты зерделеп, барлық себеп-салдарын анықтаймыз", – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай жағдайларға жол берген қызметкерлерге қатысты да қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript