ІІМ Семейде жасөспірімнің өзіне қол жұмсағанын растады
Фото: Zakon.kz
ІІМ Ювеналдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайдағы брифингте Семейде жасөспірімнің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Тараған мәліметте оқиғаға нашар баға себеп болғаны айтылғанымен, бұл жайт әзірге расталған жоқ.
Асхат Дүйсембеков ІІМ тарапынан профилактикалық іс-шаралар тұрақты жүргізілетінін атап өтті.
"Семейдегі жағдайға келсек, мұндай оқиға шынымен болды. Дерек тіркелді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр", – деді ол.
Оқиғаға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да пікір білдірді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте буллинг үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін нақты норма бар. Алайда бұл кәмелетке толмағандар арасындағы буллингке қатысты. Ал ата-аналар тарапынан көрсетілетін қысым мәселесін мұқият қарастыруымыз қажет деп ойлаймын. Оны ІІМ, ата-аналар қауымдастығы және Әділет министрлігімен бірлесіп пысықтау керек", – деді министр.
Оның айтуынша, бұл жұмыс ата-аналарға қандай қауіптер бар екенін түсіндіру үшін қажет.
"Біз ата-аналарға баланы қалай тәрбиелеу керегін нұсқай алмаймыз. Отбасында, үйде не болып жатқанын ешкім нақты айта алмайды, біздің ондай өкілеттігіміз жоқ. Дегенмен түсіндіру жұмыстарын жүргізе аламыз. Бүгін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын айттық. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаға ауқымды талдау жасадық. Қазір "Балалардың құқықтарын қорғау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жинақталған заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Осы жұмыс аясында ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын да қайта қарастырғымыз келеді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Бұған дейін депутат Екатерина Смышляева балаларды ауыстырып жіберу және сату деректеріне жол бермеу үшін олардың жеке басын растау рәсімін жетілдіру қажет екенін мәлімдеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript