Dodo Pizza-ға жасалған кибершабуыл: ІІМ қазақстандықтың ұсталғаны расталмағанын мәлімдеді
Фото: пресс-служба МВД РК
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов 2026 жылғы 21 қазанда ОКҚ-да өткен брифингте Dodo Pizza желісіне жасалған кибершабуылға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ өкілдері ІІМ-нен бұл ақпараттың рас-өтірігін және қазақстандықтың оқиғаға қандай қатысы болуы мүмкін екені анықталған-анықталмағанын сұрады.
"Бұл оқиға Ресей Федерациясының аумағында болған. Халықаралық келісімдерге сәйкес, осы мәселе бойынша Ресей тарапына жүгінген жөн. Алайда біздегі мәлімет бойынша, Қазақстан азаматының ұсталғаны расталмай отыр. Осыған байланысты азаматтарымызға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ", – деп жауап берді спикер.
Сондай-ақ ол Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне ел азаматының ұсталғаны туралы ресми хабарлама түспегенін атап өтті.
2026 жылғы 30 қыркүйекте "Додо Пицца" халықаралық пиццериялар желісіне жасалған кибершабуыл салдарынан миллиондаған адамның дербес деректері хакерлердің қолына түскені белгілі болды. Шабуыл жасағандардың мәлімдеуінше, олардың арасында қазақстандық клиенттердің де деректері болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript