Қазақстанда дропперлік үшін жауапқа тартылғандардың шамамен 5%-ы қылмыстық схемаларды ұйымдастырған

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 13:35 Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов 2026 жылғы 21 қазанда ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда дропперлік схемаларды ұйымдастырған қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың қаншасы қылмыстық схемаларды ұйымдастырғанын, ал қаншасы ұрланған ақшаны шығару үшін өз банк шоттарын берген делдалдар екенін сұрады.

"Банк деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін 400-ден астам адам жауапқа тартылды. Олардың қатарында дропперлер желісін құрып, басқарған ұйымдастырушылар да бар. Оларды "дроповодтар" деп атайды. Олар да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың осы санына кіреді", – деді Бейбіт Біржанов.

Журналистер жауапқа тартылғандардың арасында қылмыстық схемаларды тікелей ұйымдастырғандардың үлесі қанша екенін нақтылады. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш шамамен 5%-ды құрайды.

Бұған дейін ІІМ Қазақстанда интернет-алаяқтықтың ең көп тараған үш тәсілін атаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: