Жасырын камера сұмдық жағдайдың бетін ашты: Семейде жалдамалы қызметкер 91 жастағы әжейді қорлап келген

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 22:58 Фото: zakon.kz
Семейде жасырын камера жалдамалы әлеуметтік қызметкердің 91 жастағы зейнеткерді қорлап, оны балағаттап жатқан сәтін түсіріп алған. 2026 жылғы 2 маусымда болған бұл оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, іштей күдіктенген Семей тұрғыны үйде қалғанда әжесіне жалдамалы қызметкердің қалай қарайтынын тексеру туралы шешім қабылдайды. Оның күдігі бекер болмады, жасырын камера таспасына кейін әлеуметтік желі мен Telegram арналарда тараған кадрлар түскен.

Видеода жалдамалы қызметкер өз міндеттерін елемейтінін, дәрменсіз қарияны ашық түрде мазақ еткенін анық көруге болады: балағат сөздер, қол көтеру, дөрекі түрде итере салу дегендей.

Абай облысының полиция департаменті бейнематериалдарды зерттеп, бастапқыда бұл оқиғаны тек қорлау бабымен бағалаған, яғни қылмыстық қылмыс құрамды немесе ұрып-соғу әрекеттерін таппаған.

"Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылық жеке айыптау істерінің санатына жатады. Осыған байланысты жәбірленуші тарапқа кінәлі адамды заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгіну керектігі түсіндірілді. Абай облыстық полиция департаменті бұл мәселені бақылауда ұстайды және қарт азаматтарға қатысты адамның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген жағдайға жол берілмейтіндерін еске салады", - деп түсіндірді Zakon.kz сайтына Абай облысының ПД.

Бұған дейін Жамбыл облысында полиция бастығын ұстау сәті видеоға түсіп қалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: