Сусынға жасырын есірткі қосады: депутат балалар арасындағы спайкинг оқиғаларына алаңдаушылық білдірді
Фото: pexels
Депутат Асхат Аймағамбетов 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайдағы үкімет сағатында Қазақстандағы балалардың қандай жаңа қауіптерге тап болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, балаларды интернет арқылы есірткі жасырып кетуші және дроппер ретінде пайдалануға тартып жатыр.
"Полиция мәліметінше, спайкинг деректері де жиілеген. Бұл – адамның сусынына өзіне білдірмей түрлі заттар мен есірткі қосу. Осы бағытта қосымша шаралар қажет. Біз спайкингке қарсы заңнамаға арнайы түзетулер әзірледік", – деді депутат.
Ол депутаттардың балалар денсаулығын зиянды тағамдардан қорғауға арналған заң жобасын да әзірлегенін хабарлады.
"Мемлекет басшысы тамыз айындағы кеңесте фастфудтың өктем жарнамасына ерекше назар аударды. Зиянды тағамнан ауруға шалдығып, дәрігерлердің бақылауында жүрген балалар саны артып келеді. Энергетикалық сусындарды жиі ішетін жасөспірімдердің үлесі де алаңдатады. Иә, 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынып, айыппұлдар енгізілді. Бірақ мәселе толық шешілген жоқ. Сондықтан депутаттар балалардың денсаулығына зиянды өнімдер мен энергетикалық сусындарға қатысты тағы бір заң жобасын дайындады", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін депутат Динара Закиева балаларды киберқауіптерден қорғау үшін қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript