Депутат интернетте балағат сөз айтқаны үшін қолданылатын жазаны қайта қарауды ұсынды

Фото: freepik
Құрылтай депутаты Гүлзира Атабаева интернетте балағат сөз айтқан адамға жаза тағайындағанда сотқа істің мән-жайын ескеріп, бірнеше жаза түрінің бірін таңдауға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтай отырысында бұл ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Атабаева масс-медиада және онлайн-платформаларда былапыт сөз қолданғаны үшін жауапкершілік енгізуді қолдайтынын айтты. Депутаттың сөзінше, мұндай контентті балалар да көретіндіктен, мәселе өзекті.

"Мұндай әрекет үшін жаза болуы керек, бірақ ол жасалған құқық бұзушылыққа сай болуы тиіс. Интернетте балағат сөз айтуды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына енгізу ұсынылып отыр. Осы баптың екінші бөлігінде құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаған адамды 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген. Істің мән-жайына қарай жаза таңдауда сотқа кеңірек мүмкіндік берген жөн емес пе? Мысалы, құқық бұзушылық қайталанса, сот жоғары мөлшерде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе әкімшілік қамаққа алу жазаларының бірін таңдай алса қалай болады?" – деді Гүлзира Атабаева.

Арман Қырықбаев ұсынылған нормаларды әзірлеу кезінде қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесі ескерілгенін айтты.

"Сіз айтып отырған бап ұсақ бұзақылыққа қатысты. Оның бірінші және екінші бөліктерінде, өзіңіз айтқандай, әкімшілік қамаққа алуға дейінгі түрлі жаза көзделген. Жалпы, ұсынысыңызды қолдаймыз. Біздің мақсатымыз – құқық бұзған адамды қалай да қамаққа алып, жазалау емес. Біз осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін нормалар қабылдауды көздеп отырмыз", – деді министр.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде көтерілді. Құрылтай депутаттары заң жобасын 18 қарашада бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы