Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 қарашада жариялаған мәліметке сәйкес, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мына азаматтар марапатталды:
"Парасат" орденімен
- Асанов Бейбіт Батниязұлы – "Жеңіс" ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы
- Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;
II дәрежелі "Достық" орденімен
- Рудаков Александр Сергеевич – "ЭКО-культура" агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;
"Құрмет" орденімен
- Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – "Достан Ата" ШҚ басшысы, Атырау облысы
- Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – "Айс-плюс" ЖШС директоры, Ақтөбе облысы
- Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – "Бижан" ШҚ басшысы, Қостанай облысы
- Хуршудов Ислам Махмудович – "Агро Балтабай" ЖШС малшысы, Алматы облысы;
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен
- Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – "Қапшағай МТС Сервис" ЖШС малшысы, Алматы облысы
- Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы
- Клишин Виктор Александрович – "Жер өнімдері" ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы
- Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – "Меңдеш" ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – "Дәурен" ШҚ зоотехнигі, Абай облысы
- Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – "Өтепберген" ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы
- Қапарова Әлия Айбасқызы – "Burabay Milk" ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы
- Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – "Шалқар" ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;
"Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы
- Айтөленов Дастан – "Меркі ірімшік зауыты" ЖШС директоры, Жамбыл облысы
- Звольский Сергей Адамович – "Астық-STEM" ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
- Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – "Қайнар" ЖШС директоры, Қарағанды облысы
- Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – "Егемендік" ШҚ басшысы, Жетісу облысы.