Микроұйқы – адамның бірнеше секундқа еріксіз қалғып кетуі. Осы сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай қалады.
Полицейлердің айтуынша, сағатына 100 км жылдамдықпен келе жатқан көлік небәрі үш секундта шамамен 83 метр жүреді. Жүргізуші қалғып кетсе, көлік осы қашықтықты бақылаусыз жүріп өтеді. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
"Ең қауіптісі – жүргізуші өзінің қалғып кеткенін байқамай қалуы мүмкін. Кофе, қатты қойылған музыка мен ашық терезе шаршағанды баспайды", – деп ескертті Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер ұйқы қыса бастағанын мына белгілерден байқауға болатынын айтты:
- қабақ ауырлап, көз жұмыла бастайды;
- адам жиі есінейді;
- зейіні төмендейді;
- жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет етуі қиындайды.
Полиция осы белгілер байқалса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалуға шақырды. Ұйқыны жеңуге тырысып, жолды жалғастыру өмірге қауіпті.
"Шаршап тұрсаңыз, рөлге отырмаңыз. Сапар алдында міндетті түрде тынығып алыңыз. Жұмыс пен демалыс тәртібін сақтап, жолда аялдап тұрыңыз. Рөлде бір сәтке қалғып кетудің салдары ауыр болуы мүмкін", – делінген полиция хабарламасында.
2026 жылғы 24 қарашада Ақтөбе облысында болған жол апатынан Қандыағаш қаласының дәрігер-отоларингологы қаза тапты. Кейін оның ұлының да қайтыс болғаны белгілі болды. Жас жігіт өзіне қол жұмсаған.