Алматыда күн райы бұзылады – әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырды

Фото: unsplash
Жұма күні, 2026 жылғы 27 қарашада, Алматыда күн райы бұзылады. Қала әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық және шұғыл қызметтер арнайы техника мен жедел бригадаларды әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 27 қарашада сағат 02:00-ден 19:00-ге дейін қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашын мөлшері 13–16 миллиметрге, ал желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +5…+7 °C болады.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, 85 жедел бригада кезекшілікке кірісті.

Су жиналуы мүмкін жерлерге су соратын көліктер қойылып жатыр. Бұған қоса, арнайы техника тұрақтарында жол күтіміне арналған 200 құрама көлік әзір тұр. Оның 185-і – құм шашатын көлік, ал 15-і – JetBroom техникасы.

28 қарашаға қараған түні де жауын-шашын жалғасады. Күндіз ауа температурасы +6…+8 °C болады.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлаған кезде ауа райын ескеруді, көлік жолдары мен жаяужолдарда сақ болуды сұрады.


"Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, алдағы көлікпен арақашықтық сақтауы керек. Жолда көру қашықтығы нашарлауы мүмкін екенін де ескерген жөн", – деп ескертті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауа температурасының өзгеруі адам денсаулығына қалай әсер ететінін Zakon.kz тілшісі зерделеген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек