Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 25 қарашада Siemens Energy компаниясы өндірген газ турбинасы сәтті тұтатылды. 30 қарашада электр энергиясын желіге беру жоспарланған
"Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жаңа станция электр желісіне 557 МВт электр қуатын және 957 Гкал жылу энергиясын бере алады", – делінген хабарламада.
Жобаның Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін маңызы ерекше. Станция газға толық көшкеннен кейін ластаушы заттар шығарындылары жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін, яғни 90 пайыздан астамға қысқарады деп күтілуде.
Күкірт диоксиді мен көмір күлі шығарындылары толықтай жойылады.