Қарағандыда қарт жолаушыны көкөніс-жемісімен бірге автобустан түсіріп тастаған жүргізуші қамалды

Сурет: gov.kz
Қарағандыда сот қарт жолаушыны көкөніс пен жеміс салынған жәшіктерімен бірге автобустан түсіріп тастаған жүргізушіні 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ekaraganda.kz басылымының Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, 2026 жылғы 26 қарашада №45 бағыттағы автобустың жүргізушісі қызметтік міндетін атқару кезінде "Шығыс" базары аялдамасында қарт жолаушыға дөрекілік танытып, оны менсінбеген.

Жүргізуші ер адамнан автобустан түсуді талап етіп, кейін оның көкөніс пен жеміс салынған жәшіктері мен сөмкелерін күшпен жолдың үстіне шығарып тастаған. Салдарынан азық-түлік шашылып, кейбірі көліктердің дөңгелегінің астында қалған.

"Сотта жүргізуші кінәсін толық мойындады. Ол әрекетін басқа жолаушылардың наразылығымен түсіндірді. Алайда сот болған оқиғаны жүргізуші мен жолаушы арасындағы қарапайым жанжал деп бағалауға болмайды деп есептеді. Жас жігіттің әрекеті қоғамдық тәртіптің рұқсат етілген шегінен шыққан. Оның үстіне, құқық бұзушылық жұмыс орнында жасалған. Мұндай мамандық мінез-құлық мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауды және жолаушыларға, әсіресе егде жастағы адамдарға құрметпен қарауды талап етеді. Сондықтан бұл әрекет ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылды", – деп мәлімдеді сот.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе бес тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Сот қаулысымен жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек