Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қосымша жанармай багы заңсыз орнатылған көліктерді анықтау үшін тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
"Мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында көліктерді бақылау күшейтілді. Рейдтердің негізгі мақсаты – зардабы ауыр жол апаттарының алдын алу және жанар-жағармайды елден заңсыз әкетуге тосқауыл қою. Жыл басынан бері ел бойынша көлікке қосымша жанармай багын заңсыз орнатудың 634 фактісінің жолы кесілді. Соңғы тәуліктің өзінде тағы екі дерек анықталды", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерді заңды сақтауға және заңсыз табыс үшін жолда адам өміріне қатер төндірмеуге шақырды.
2026 жылғы 16 қарашада ІІМ "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмысы туралы есеп берген еді. Рейд кезінде полиция қызметкерлері үйлерді аралап, тексеру жүргізген. Сондай-ақ қосымша жанармай бактары мен есірткіні жарнамалайтын жазулар анықталған. Осыған байланысты министрлік азаматтарға үндеу жасаған еді.