"Қазгидрометтің" мәліметінше, 28 қарашада Шымкент, Түркістан және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.
Мұндай жағдайлар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.