Синоптиктер 28 қарашада үш қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті
Сурет: unsplash
"Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 28 қарашада бірқатар қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 28 қарашада Шымкент, Түркістан және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.
Мұндай жағдайлар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript