"Қазгидромет" екі қала тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтынын ескертті

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 09:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 8 қазанда Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 8 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Сонымен қатар "Қазгидромет" 8 қазанға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер бірнеше өңірде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, қар жауып, дауылды жел соғатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: