Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау 228 мәслихатта өтеді.
Оның ішінде 20-сы – облыстық, 38-і – қалалық, 170-і – аудандық мәслихат.
Жалпы саны 3 447 депутаттық мандат бөлінеді.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмысын бастағанын хабарлаған едік.