Өнер саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қос актер ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық таңдауларын жасады.
Олардың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Өйткені, бүгінгі таңдау ертеңгі күннің бағытына, қоғамның дамуына және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.
Сурет: Шымкент әкімдігі
Әсіресе, мәслихат депутаттарының жұмысы тұрғындардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, халықтың талап-тілегін жергілікті билікке жеткізуге атсалысады.
Сондықтан азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы – қоғамдағы жауапкершілік пен ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі. Белгілі актерлар да қала тұрғындарын өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.