"Қазгидрометтің" болжамына қарағанда, дүйсенбі, 30 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады.
Елдің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында болатын ауа райы болжамын жариялаған еді. Қыстың алғашқы күндерінде елордада ауа температурасы -15°C-қа дейін төмендейді. Алматыда жаңбыр қарға ұласады, ал Шымкентте күн жылы болып, ауа температурасы +12°C-қа дейін жетеді.