Мәслихат депутаттарын сайлау: Қазақстан халқының 53,86%-ы дауыс берді

Фото: Zakon.kz
29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші мынадай:

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 69,84%-ы дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматыда – 33,73%.

Айта кетейік, сайлау 228 мәслихатта өтеді. Оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.

Еске салайық, бұған дейін 29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әбдез Рахманұлы: Мәслихат – халық мүддесін білдіретін маңызды өкілді орган

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 29 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Валерия Аксенова бокстан әлем кубогының ширек финалында есе жіберді

Астанада түнде -15 градусқа дейін аяз болады: үш мегаполистің бес күндік ауа райы болжамы

Рыбакина қазақтың қай тағамын ерекше жақсы көретінін айтты