Әнші, тележүргізуші Аша Матай бір былықтың бетін ашып, желіде жазба жариялады. Оған ақша ұсынған адам "жұмыс орныңды босатып берші" деп қолқалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кенеттен қызыққа тап болдық қой. Бір аптадай бұрын мен "Еуразия" Бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін. Осыны жария ете салысыммен менің телефоным тыным болмады. Рас айтамын. Оның үстіне Инстаграм желісіне де осыны талқылап, жарыса жазған жұртты көрсеңіз. Соңы жоқ... Елестетіп көріңізші...
Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандар болды. Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Таң қалып отырмын. Бұл әлгіндегі пысықай "көкелер" мен "дөкейлердің" құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келетін..." деп жазды таң-тамаша әрі ашулы Аша Матай.
Айта кетсек, кейбір БАҚ-тар бірер апта бұрын атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі болған Аша Матайдың аяғы ауыр секілді деген сипатта ақпарат таратқан болатын.
Оқи отырыңыз: "Бір еркек қолын созбады...". Маржан Арапбаева өзінің неден қорланатынын айтты