Нұр-Сұлтанда субұрқақта Димаштың орындауындағы әндер де ойналатын болады

Facebook/Берік Жәкенов
Әнсүйер қауымға да жақсы жаңалығымыз бар. Мұнда қойылатын әндердің де біразын ауыстырдық.

Нұр-Сұлтанда музыка әуенімен атқылайтын Нұржол субұрқағы 15 шілдеге дейін істемейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұнда жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін субұрқақта қойылатын әндер ішінде Димаш Құдайберген орындаған әндер де ойналатын болады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жазды.


"Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, субұрқақтың 300 шамын ауыстырамыз. Әнсүйер қауымға да жақсы жаңалығымыз бар. Мұнда қойылатын әндердің де біразын ауыстырдық. Жақында Көзімнің қарасы, Дудар-ай және Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайбергеновтің әндері мен классикалық композицияларын естиміз", деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты