Бұл рэп қой! Димаш тыңдармандарын тағы да таң қалдырды

видеодан алынды
Саунд-продюсердің айтуынша, әртістің әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет "Dimash Digital Show" онлайн-концертінде орындаған "Be With Me" композициясының студиялық нұсқасы шықты. Бұл ән шыға салысымен, тыңдармандардың жүрегін баурап, баршаны тәнтті етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, әртістің әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

Әннің жанкүйерлерге ұнағаны соншалық, "бұл әсерлі әнге бейнебаян шығарыла ма" деп жан-жақтан сұрақты қарша боратқан. Димаш командасы жанкүйерлердің қалауын тысқары қалдыра алмады.

Музыкалық бейнебаянды қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұратын, өзінің есебінде өз елінің де, шетелдің де танымал әртістерімен жасаған жүзден астам жұмыс бар атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірді. Әзірге, оның тизері ғана жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады