Тарихшы Талас Омарбеков дүниеден өтті

Сурет: Facebook/Talas Omarbekov
1972 жылдан бастап Т.Омарбеков республикалық баспасөз беттерінде көлемді мақалаларын жариялай бастады

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысының Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген.

1977 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасына қабылданды. 1982 жылы колхоз құрылысы тарихына арналған кандидаттық диссертациясын Киров атындағы ҚазМУ-де қорғады.

1991 жылы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетіне доценттік қызметке шақырылып, 1991-1995 жылдар аралығында жемісті еңбек етті.

Оның қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған 7 монографиялары мен кітаптары, 200-ден астам ғылыми еңбектері бар. «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» (1997), «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселері» (2001), «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» (2004) секілді еңбектерін жазған.

Ғалым 1997 жылы ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды