Астанада бой көтерген жаңа мешітке Әбсаттар Дербісәлінің есімі беріледі

Сурет: Facebook/Ағабек Қоңырбайұлы
Астанадағы жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі берілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған "Шығыстану және руханият мәселелері" тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

"Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ. Алла Тағала игі істерімізге мол сауаптан жазсын!", - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты