Министр Дәурен Абаев "Аватардың" қазақша нұсқасына баруға үндеді

Сурет: disney
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында азаматтарды қазақша дубляжды қолдауға үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Аватар: Су жолы" фильмін ел азаматтары қазақ тілінде тамашалай алуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етіп, Disney студиясымен бірігіп үлкен жобаны қолға алды. Жаңа блокбастерді қазақ тіліне дубляждап, барлық кинотеатрға берді. Әлбетте, кинотеатрлар - бизнес субъектісі. Десек те, қазақтілді контентке қолдау көрсетіп, фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін, кинокестесін сіздерге ұсынамыз. "Аватардың" қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырамын", - деп жазды ведомство басшысы.

Айта кетейік, Қазақстандағы кинотеатрларда 15 желтоқсаннан бастап "Аватар: су жолы" фильмінің қазақша дубляжы шықты.

Азаматтық қоғам белсенділері әлеуметтік желілерде фильмнің қазақша дубляжын ыңғайсыз уақытқа қойғанын және сеанс саны аз екенін жазды. Белсенділер азаматтарды фильмнің қазақша нұсқасына жаппай баруға үндеп жатыр. Олардың ойынша, сонда ғана дубляж нарығына ықпал етуге болады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік