Павлодар облысында Қошмұхамед Кемеңгерұлының 99 жыл бұрын жарық көрген еңбегі табылды

Сурет: pixabay
Павлодар облысы Железин ауданы Веселаяроща ауылының бір тұрғынынан ақын, жазушы, Алаш қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының 1924 жылы Мәскеуде басылып шыққан "Қазақ тарихынан" атты кітабы табылды. Кітап түпнұсқа болғанымен, әбден тозығы жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Massaget.kz басылымының жазуынша, құнды еңбек "Алашордалықтар ізімен" атты экспедиция кезінде табылған. Туынды 1924 жылы Мәскеудегі Нәзір Төреқұлов басқарған "Күншығыс" баспасынан 4 мың тиражбен басылып шыққан. Алғысөзін Ғаббас Тоғжанов жазған. 

Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Ербол Қайыров "Қазақ тарихынан" кітабымен қоса 2022 жылы Аққулы ауданынан А.Байтұрсыновтың 1911 жылы шыққан "Маса" жинағы, жыл аяғында Ертіс ауданынан Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан алғашқы жинағы табылғанын атап өтті.

Музей директоры табылып жатқан жинақтардың бәрін ауыл тұрғындары Құранмен бірге сақтап келгенін айтты. Қошке Кемеңгерұлының құнды туындысы түпнұсқа болғанымен, беттері толық сақталмаған, әбден тозығы жеткен. Оған өңдеу жұмыстары жүргізіліп, музей қорында сақталады. 

Бұл кітапқа Мұхтар Әуезов 1927 жылы: "Тарихтың дәл суреттерімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Халел Досмұхамедұлының "Исатай - Махамбет" жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" деген еңбектерін қарап өтсін дейміз", – деп баға берген.










Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі