Таймс-сквер және жаңа бейнебаян: Димаш Құдайберген 29 жасқа толды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
24 мамырда қазақтың маңдайына біткен тұлға, әлемге танымал әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген 29 жасқа толды. Туған күнін әншінің өзі ғана емес, бүкіл әлемдегі Dears қуана тойлап жатыр. Димаш болса, жанкүйерлеріне алғыс ретінде тосынсый дайындап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туған күнінде Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы экраннан көрінді. Әншінің жанкүйерлері оны осылай құттықтады.

"Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рақмет", - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Әншіні Instagram-да әлемге белгілі тұлғалар да құттықтап жатыр.

Сонымен қатар ол бірер күн бұрын 24 мамыр - туған күні қарсаңында "Өмір" атты жаңа ән, жаңа бейнебаян шығатынын айтқан еді. Әншінің сөзінше, туынды өзінің өмірі жайында.

"Құрметтілерім, Астана уақытымен сағат 20:00-де музыкасы мен сөзін өзім жазған "Өмір" әніне түсірген бейнебаянымның тұсауы кесіледі. Менің өмірімнен бұрын жарияланбаған кадрлар да осы бейнеклипте болады. Сіздер жыл сайын менің туған күніме ең керемет сыйлықтар жасайсыздар. Өз кезегінде бұл музыка сыйлығын сізге махаббатыңыз үшін ризашылығымның белгісі ретінде қабылдаңыз", - деді Димаш.


АҚШ
Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін