Димаш Гавай аралындағы өртке қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Гавайдың Мауй аралында болған өртке қатысты өз парақшасына жазба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш АҚШ-та болып жатқан өртке алаңдаушылық білдірді. 

"Мауи аралы үшін дұға етіңіз және көмектесіңіз", - деп жазды Димаш.

Айта кетейік, бүгін Гавайидегі орман өртінен қаза тапқандар саны 53-ке жеткен еді. Губернатор Джош Гриннің айтуынша, бұл алапат өрт штат тарихындағы ең ірі табиғи апат болып отыр. Қаза тапқандар саны 61 адамның өмірін қиған 1960 жылғы цунамиден де асып түсуі мүмкін.

Апат сейсенбі күні кешке басталды. Жалынның тез тарағаны сонша, зардап шеккендердің кейбірі мұхитқа секіріп, қашып үлгерді, оларды жағалау күзеті құтқарған. Кем дегенде 30 адам өртеніп, мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

Экипаждар арал тұрғындарын жаппай эвакуациялап, тірі қалғандарды іздестіріп жатыр. Өрт аумағы үлкен, аралдағы тарихи қала – Лахайна толықтай жанып кетті деуге болады.

Бейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден орман өртінен зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін федералды көмекті пайдалануға мүмкіндік беретін Мауи апаты туралы хабарландыруды мақұлдады. Байден бұл федералды көмек "жақынынан айырылған, үйі бүлінген немесе қираған әрбір адамға дереу көмек көрсетуге бағытталған" деп уәде берді.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады