"Енді Қайрат кетті...": Бес тәулікке қамалған Қабатов елордада шығармашылық кешін өткізді

Сурет: 1show.kz
Танымал актер Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында жеке шығармашылық кешін өткізді. Аншлагпен өткен кеште өнер иесі басында болған жайсыз жағдайға да әзіл-шыны аралас тоқтала кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 28 маусымда танымал қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны белгілі болды. Оқиға 2 маусымда сағат 7:30 шамасында Алматы – Астана бағытына қатынайтын ұшақ бортында болған. Сотта аға стюардесса құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтқанын растады. Сот 25 маусымда өтті, сол күні әнші қамауға алынды.

"Осы концертке тыңғылықты түрде дайындалдым. Бес күн! Иә, бес күн дайындалдым. Әдейілеп тұрып, телефонымды, бәрін-бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шыққаным жоқ. Содан дайындалдым дейсің ғой. Ал бүгін Қайрат кетті дайындалуға", - деді кеште Тұрсынбек Қабатов әзіл-шыны аралас.

5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ұшақ бортында бұзақылық жасап, 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді