Музыканттар мен басқа да шығармашылық тұлғаларға сыйақы төлеу тәртібі цифрланады

Фото: unsplash
2025 жылғы 26 ақпанда үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев авторларға сыйақы төлеу тәртібін цифрландыру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың күзінде қазақ музыкасы Мета платформаларынан жоғалып кеткен оқиғалар ұжымдық басқару саласының кемшіліктерін көрсеткенін атап өтті. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар өз туындыларын осы платформада пайдаланғаны үшін қаламақы алмағандарын хабарлады.

"Бұл саланы цифрландыру қажет. Авторларға және басқа авторлық құқық иелеріне туындыны пайдаланудың барлық кезеңдерін: келісім-шарт жасасудан, жинаудан, таратудан бастап, сыйақы төлеуге дейін онлайн бақылауға мүмкіндік беру жоспарлануда", – деді Ерлан Сәрсембаев.

Ол жалпы алғанда, жасанды интеллект, аналитика және есеп беру элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі пысықталуда деп қосты (мемлекеттік реестрлерге енгізілген объектілер үшін).

Сондай-ақ тіркелген зияткерлік меншік объектілерін іздеу жүйелерін жетілдіру жоспарлануда. Сонымен қатар, авторлар мен авторлық құқық иелері үшін мобильді қосымша әзірленеді.

Бұған дейін Қазақстанда Instagram желісінде қазақстандық авторлардың әндерінің жоғалып кетуіне байланысты жанжал шыққаны хабарланған болатын. Көптеген авторлар еңбегі үшін өтемақы алмаған болып шықты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін