Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Сурет: instagram.com/shakentii
Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы оның бұрынғы сүйіктісі Әлия Бөтеева желіде жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Шәріпке қатысты сот өтті, ол өз кінәсін мойындады. Сот оны 73-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бес тәулікке қамауға алды. Мұның қаншалықты әділ екеніне баға бермеймін. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, әуеліден кек алатын ниетім болған жоқ", - деп жазды ол.

Бұған дейін актер Шәріп Серіктің өзі мәлімдеме жасап, бұрынғы сүйіктісін ұрғанын мойындаған еді.

Сол үшін заң алдында жауап беруге дайын екенін де айтты.

Еске салайық, 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева өзін белгілі актер Шәріп Серік ұрды деп айыптады. Қыздың айтуынша, ол актермен қарым-қатынаста болған. Ол Шәріп Серіктің артынан жалаңаяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифтіден жұлқып алып шыққаны туралы фото және видео жариялады. Суреттерде қыздың беті қызарғанын көруге болады.

Бүгін, 4 сәуірде қазақстандық ірі медиа-компания Salem Entertainment пен басқа жарнама берушілер осы оқиғадан кейін актермен ынтымақтастықты және барлық келісімшартты тоқтататқанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс