Amre "Интервидение" байқауынан кейін маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/amre_official
Қазақстандық әнші Amre халықаралық "Интервидение-2025" байқауында қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жобаға қатысу оның шығармашылық жолындағы маңызды қадам болған.

"Мен өзіме сенімді болдым. Сенімдімін де. Әннің басында, жерде жатқанда, түтін қатты тұншықтырып жібергені болмаса, барлығы ойдағыдай болды",- деп жазды ол.

Оның сөзінше, оның жобаға қатысқандағы басты мақсаты Қазақстанның мәдениетін таныстырып, намысын қорғау болды.

Сондай-ақ, ол өзіне жоғары ұпай қойған қазыларға алғысын білдіріп, 1-ші орын алған Вьетнам халқын құттықтады. Ал қазақстандық әнші жоба қорытындысы бойынша 7-ші орынға тұрақтаған.

Өз кезегінде әншінің жанкүйерлері қолдау білдірді:

Бұған дейін Аида Балаеваның Әміреге қолдау білдіргенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады