Үшінші мәрте шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұлов желі қолданушыларының сынына қалды

Сурет: Instagram/daurenaidarkulov
Қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісіп, үшінші рет үйленгенін мәлімдеді. Алайда, шоу-бизнес жұлдызының бұл қуанышына көпшілік жылы шырай таныта қоймады, желідегі ағайын оның бұл ісін әбден сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 28 қыркүйекте, Айдарқұлов сүйіктісімен бірге мешітте түсірілген бірнеше фотосуретін жариялады.

"Үйлендім. Әлхамдулиллаһ!" – деп қысқа ғана жазды ол суреттердің астына.

Алайда, бұл жаңалықты бәрі бірдей қуанышпен қабылдай алмады. Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, қолданушылар актердің әрекетін сынап, түсініспеушілік білдіруде.

Айта кетсек, Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесі 2008 жылы қиылған. Бұл некеден үш баласы бар. Ал 2016 жылы, ол "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбетті жар етіп алған. Бұл некеден тағы екі баласы бар.

Айта кетейік, актер бұрын берген сұхбаттарының бірінде жұбайын таңдауда оның сұлулығына, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына және ең бастысы — дініне назар аударатынын айтқан болатын. Сол кезде-ақ, үшінші әйелі хижабтағы қыз болса екен деген ниетін білдірген еді.

Бұған дейін Қазақстандық фильм Пусан халықаралық кинофестивалінде көрсетілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Айдарқұлов Дәурен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді