Актриса Дариға Бадықова отбасылық сырымен бөлісті

Сурет: Instagram/dariga_badykova
Еліміздегі танымал актриса әрі продюсер, көпшіліктің жүрегінен "Келінжан" телесериалындағы Айсара образымен орын алған Дариға Бадықова жан сырымен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, отбасылық өміріндегі қиын кезеңдерді есіне алып, бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақыттарда қазақстандық ақпарат алаңдары өнер иесі мен оның экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың бірге өткізген отбасылық өмірлерін және екіге кету жолдарын жарыса жазуда. Нақтырақ айтқанда, Бадықованың бұрынғы жолдасы танымал бағдарламалардың біріне сұхбат беріп, өзінің бастан кешкендерін жайып салды.

Өз кезегінде, 4 қазан күні актриса Instagram-да жеке шындығымен бөлісті.

"Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын! Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпағанмын. Бекер жасаған екенмін...",- деп жазды ол.

Оның сөзінше, Дархан Мұсаевтың, продюсердің жаңа туындысы – "Ыстық ұя" фильмінің прокаты тұсында, бұл мәселені көтеруі – қастандық.

"Мен ажырасып кеткелі біраз болған! Артысып-тартысып бір үйде жәй ғана бірге тұрып жаттық. Толық айтармын бәрін! Киноға жасап отырған қастандығы бұл!". Дариға Бадықова

Сурет: Instagram/dariga_badykova

Сондай-ақ, актриса экс-күйеуі бұл әрекеті арқылы екеуін де қорлағанын атап өтті.

Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаев 16 жыл бойы бір шаңырақтың астында тұрды. Ерлі-зайыпты 2024 жылдың күзінде ресми түрде ажырасты.

Бұған дейін үшінші мәрте шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұловтың желі қолданушыларының сынына қалғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

31 шілдеде елдің басым бөлігі аптап ыстықтың құрсауында болады