Қазақстандық әртістер шетелде флешмоб ұйымдастырды

Сурет: Zakon.kz
"Алатау әуендері" концерттік ұйымына қарасты "Құлансаз" фольклорлы-этнографиялық ансамблі Брюссель көшелерінде флешмоб ұйымдастырып, еуропалықтарға дәстүрлі ән-күйден шашу шашып, би биледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24.kz" ақпаратына сүйенсек, Бельгия астанасында Қазақстан мәдениеті апталығы өтіп жатыр. Атомиум — Брюссельдегі басты орындардың бірі. Тарихи ескерткіш осыдан 70 жылдай бұрын атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудың символы ретінде тұрғызылған. Осы жолы оның алды шағын қойылым алаңына айналды. Қазақстандық өнерпаздар флешмоб ұйымдастырып, шетелдіктерді қазақтың бай мәдениетімен таныстырды.

"Бельгия – саксофонның отаны. Сондықтан кеште жергілікті саксофоншы ансамбльмен бірге француз әуенін орындады. Тағы бір шетелдік қасиетті қара домбырамен күй тартты. Енді үйреніп жүргеніне қарамастан, "Ерке сылқымды" жаңылмай шертіп, өнерде шекара жоқ екенін тағы бір дәлелдеді. Отандық өнер ұжымы бельгиялық поп-жұлдыз Stromae-ның әнін француз тілінде айтып, халықтың қошеметіне бөленді. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де қалыс қалмады. Сүйікті әншісінің "Махаббат бер маған" әнін шырқап, көпшілікті сүйсінтті",- делінген телеарна мәліметінде.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Латвиядағы әйгілі сахнада өнер көрсететіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды