"Соңғы демім қалғанша": әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді

Сурет: Instagram/berkut_aibekjan
Қазақстанға танымал әнші Бүркіт (шын есімі – Айбек Жансейітов) жұбайы Айша (Виктория Жансейітова) және төрт баласымен бірге Малайзияға демалысқа аттанған еді. Әнші сапардан кенже қызы Латифамен түскен әсерлі бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

47 жастағы өнер иесі бұл видеоны 2026 жылғы 15 қаңтарда өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Менің періштем. Сен үшін жақсы әке болуға тырысамын! Әр уақытта жаныңда табылуға уәде беремін, құлыншағым! Адал, бол, ақылды бол! Бақытты бол! Саған әрдайым жақсы әке болуға уәде беремін! Сені ешқашан тастамаймын, жалғыз қалдырмаймын, сатпаймын! Сені де, ағаларыңды, әпкеңді соңғы демім қалғанша жақсы көремін. Әрине, аналарыңды да", – деп кенже қызына уәде берді Бүркіт.

Бейнежазба да, оған жазылған жүрекжарды сөздер де көпбалалы әншінің жанкүйерлерін ерекше толқытты. Олар Бүркітті жастарға үлгі болатын әке деп атап, оның отбасына бақыт пен амандық тіледі.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз бен оның отбасын қандай сән-салтанатпен қарсы алғанын көрсеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев