Ресейдегі Канье Уэст концертіне қатысты дау ушығып барады

Сурет: wikipedia
Канье Уэсттің Ресейде өтеді деп жоспарланған концертіне қатысты дау ушығып барады. Билеттерін сатып алған көрермендер ақшасын қайтара алмай жүргенін айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концертті Санкт-Петербургте Say Agency компаниясы жариялаған. Рэпердің өнер көрсетуі 10 және 11 қазан күндері "Газпром Аренада" өтуі керек болған. 17 тамызда арена өкілдері де концерт туралы ақпарат таратып, билеттер сатылымға шыққанын хабарлаған.

Алайда 24 тамызда "Газпром Арена" концерттерді өткізу туралы келісімшартқа қол қоймағанын мәлімдеді. Осыған байланысты шоулардың аталған алаңда өтпейтіні айтылды.

Say Agency бұған концерттің тоқтатылмағанын айтып жауап берді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, арена бұған дейін ресми хатты мақұлдаған, ал жалға алу туралы келісімшарт әлі жасалмаған. Алайда америкалық рэпердің концерті жалпы өтеді ме, жоқ па – бұл мәселе әлі де белгісіз.

Алаңдаған жанкүйерлер сатып алған билеттерінің ақшасын қайтаруға тырысып жатыр. Олар "Осторожно, новости" арнасына бір айдан бері билеттерінің ақшасын қайтара алмай жүргендерін айтқан. Жанкүйерлер арнайы арна ашып, оған қазірдің өзінде 500-ден астам адам қосылған. Қатысушылар "Роспотребнадзор" мен прокуратураға шағым түсірген.

Көрермендердің бірі билетке 55 мың рубль төлегенін айтқан. Ақшаны қайтаруға тырысқан кезде оған ешкім жауап бермеген.

Көптеген көрермен билетті қайтару туралы өтініштерінің бір компаниядан екіншісіне жіберіліп жатқанын мәлімдеді. Say Agency өкілдері ақшаны қайтару үшін билет операторына жүгіну керек екенін айтады. Ал "Интикетс" компаниясы қаражаттың ұйымдастырушыға беріліп қойғанын айтып, көрермендерге соларға хабарласуды ұсынған.

Қыркүйек айының басында "Роспотребнадзор" "Сэй Эдженси" ЖШС-не ескерту жасады. Ведомство тексеру барысында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң талаптарының бұзылу белгілері анықталғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, тұтынушыларға дұрыс емес немесе толық емес ақпарат берілген болуы мүмкін.

Осы мәселеге қатысты ведомство тарапынан бұдан кейін басқа мәлімдемелер жасалмаған.

Концерттің болатын не болмайтынын күтпей, билетін қайтаруға шешім қабылдағандар барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Кейбірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы сатып алған билетін даулауға тырысуда. Алайда банктер мұндай өтініштерді өз ережелеріне сәйкес қарастырып, шешімді өздері қабылдайды.

Кейбір көрермендер билетті сатып алған сервистері арқылы ақшасын қайтара алған. Ал тағы бір жағдайда банк төлемді қайтару туралы өтінішке жауап беріп, қазіргі уақытта ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылғанын ресми түрде жарияламағанын, сондықтан операцияға қатысты дауға негіз жоқ екенін айтқан, деп жазады "Деловой Петербург".

Басқа бір клиентке банк сотқа дейінгі дайын шағым жасап, әрі қарай қандай әрекет жасау керектігі жөнінде нұсқаулық берген. Нәтижесінде бұл талап ұйымдастырушыға жолданған.

Ал 15 қыркүйекте Канье Уэсттің концерті ұйымдастырушысына қатысты сотқа талап арыз берілгені белгілі болды.

"База" басылымының мәліметінше, Воронеждің Орталық аудандық соты Say Agency компаниясына қарсы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап арызды қарауды бастаған. Талап қоюшы – Евгений Рассказов. Оның арызы 9 қыркүйекте тіркеліп, сол күні судьяға берілген.

Іс бойынша үшінші тұлға ретінде Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" заңды тұлғасы саналатын "Зенит-Арена" көрсетілген. Алдын ала сот отырысы 7 қазанға белгіленген.

Алматыда рэпер Ye 2026 жылғы 15 тамызда Орталық стадионда өнер көрсетті.

Ресей
Қазақстан
Шоу-бизнес
Уэст Канье

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді