Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың мамыр-қараша айларында кітапханаға 26 мыңнан астам жаңа оқырман тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,8 пайызға көп.
15-35 жас аралығындағы оқырмандар саны 33 пайызға өсіп, 24 мыңнан асқан. Осы кезеңде оқырмандарға 1,6 миллионнан астам құжат берілген. Ал онлайн қызметтерді пайдаланушылар саны 13 пайызға артып, 932 мыңнан асты.
"Оқырман белсенділігінің артуы мен келушілердің өтініштерін ескерген министр Ұлттық кітапхананың жұмыс уақытын сағат 24:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Жаңа жұмыс кестесі студенттерге, жұмыс істейтін азаматтарға және өзге де келушілерге кешкі уақытта да кітапхана қорын және қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.
Бұған дейін "PARAQTA" онлайн кітапхана платформасы салалық министрлік назарына іліккенін жазғанбыз.