ҚР ДСМ: Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 2677 адам медициналық көмекке жүгінді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап 2677 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұндай мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшынова алға тартты.

Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының шұғыл деректері бойынша, төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап 2678 зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде амбулаториялық көмекке – 1 815, стационарлық емге – 863. Бүгінгі таңда 598 науқас емделіп, ауруханадан шықты, 265 науқас әлі де емделуде, 67 науқас ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр, 500-ден астамына күрделі хирургиялық ота жасалды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдегендей, қаза тапқан 225 науқастың 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болды.

Бұл арада барлық медицина қызметкерлері осы аласапыран күндері адамгершілік және бейтарап қағидаттарын басшылыққа алып, қызмет еткендерін баса атап өткім келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшынова
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі