Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасына сай, АИТВ инфекциясына диагностика жасауды жеке медициналық орталықтар мен зертханаларға берілуі тиіс. Алайда сенатор бұл тұжырым болашақта елдегі жыныстық жолмен берілетін ауру жағдайын нашарлататын бірқатар проблемаға алып келеді деп есептейді. Ол Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа осы жөнінде сауал жолдады.
Тұжырымдама АИТВ диагностикасының бірінші кезеңі ғана бәсекелес ортаға берілуін көздейді. Депутат талдау нәтижесі оң болған жағдайда аурудың берілу жолдары мен факторын анықтау, зерттеу жөніндегі дәйектер бұзылады деп санайды.
Бұрын Қазақстанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен гепатиттерге зерттеу жүргізуді бәсекелес ортаға беру тәжірибесі болған. Нәтижесінде осы аурулардың таралуын бақылай алмай қалдық. Бүгінде елде осы мәселе бойынша нақты статистика жоқ. Тиісінше осы инфекцияларға жауап беру бағдарламасы жоқ.Ақмарал Әлназарова
Сонымен қатар депутат халықаралық тәжірибедегі келеңсіз деректерді мысалға келтірді. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, Ресейде де АИТВ зерттеуінің 1 кезеңі бәсекелес ортаға берілгеннен кейін ауру тез тарап кеткен. Нәтижесінде олар бірнеше рет АИТВ-инфекциясының диагностикасын мемлекеттік медициналық мекемелерге қайтаруға мәжбүр болған көрінеді.
Сенатор Министрлер Кабинетінің басшысынан АИТВ-инфекциясына диагностика жасауды тиісті жүйелі дайындықсыз және мұқият зерттемей тұрып бәсекелес ортаға бермеуді өтінді.