ҚР Денсаулық сақтау министрі Ердоғанның қолынан марапат алды

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ыстамбұлда өтіп жатқан "Пандемиядан кейін жаһандық денсаулық сақтауды нығайту" тақырыбындағы Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конгрестің басты мақсаты – шетелде тұратын және денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген түркі ғалымдарының, Түркиядағы әріптестерінің басын қосу арқылы қатысушы елдердің медицина ғылымын дамыту саласындағы бар әлеуетін арттыру.

Форумның ашылуында Денсаулық сақтау министрі Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мырзаға, түркі мемлекеттері Ұйымының Хатшылығы мен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне конгресс жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ түрік халқын басты ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтады.

Біз Түркі мемлекеттері ұйымының алаңында денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Саммитінде қабылданған "Түркі көзқарасы 2040" бағдарламасы денсаулық сақтау мәселелерін қамтиды және денсаулықты сақтау біздің елдеріміз үшін басты басымдықтардың бірі екенін тағы бір мәрте көрсетеді, - деп атап өтті Ажар Ғиният өз сөзінде.

Жаһандық коронавирустық індеттің қоғамның барлық салаларына әсерін еске сала отырып, ол денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. "Біз пандемия кезінде көрсеткен серіктестеріміздің қолдауын бағалаймыз және Түркияға көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтамыз", - деп атап өтті Қазақстанның денсаулық сақтау министрі.

Біздің елдеріміздің тарихи дамуы, денсаулық деңгейі мен денсаулық сақтау жүйесі ұқсас. Жұмыс топтары мен бастамаларға бірігу бізге ортақ мәселелерді шешуге және бірлескен мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Бұл конгресс жаһандық деңгейде денсаулық сақтауды нығайтуда маңызды рөл атқарады, мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты кеңейтеді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Конгрестің басты оқиғаларының бірі Режеп Тайып Ердоған мырзаның өзі өткізген қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлеріне "Медицина тарихына бейілділік" және "Ортақ тарих" марапаттарын тапсыру рәсімі болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріне Түркия Президентінің қолынан COVID-19 індетімен күреске қосқан үлесі үшін еліміздің медициналық ғылыми қоғамдастығы мен медицина қызметкерлеріне арналған естелік мүсінше табысталды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды