Маңғыстау тұрғынынан 84 келі марихуана тәркіленді

ҚазАқпарат
Мамандар жедел-іздестіру шарасы барысында «Чак» қызметтік итін операцияға пайдаланған.

Маңғыстау облысы ІІД ЕБҚКБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған ер адамның үйінен 83 кг 582 грамм болатын есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Обыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селосындағы салынып бітпеген үйдің жанында күдікті ер кісіні ұстаған.

Мамандар жедел-іздестіру шарасы барысында «Чак» қызметтік итін операцияға пайдаланған.

Тінту барысында одан «марихуана» есірткі заты салынған сіріңке қорапшасы мен құрылысы аяқталмаған үйде азаматқа тиесілі 3 жасыл қаптағы жалпы салмағы 83 кг 582 грамм болатын марихуана тәркіленген.

Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Қазіргі таңда күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Ақтау қаласындағы Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді