Оралда автобус пен кран соқтығысып, 3 адам зардап шекті

www.24.kz
Жедел-жәрдем қызметіне бұл туралы ақпарат сағат 09:29-да келіп түскен.

Оралда №5 бағытта қатынайтын автобус пен кран соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан үш жолаушы зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді деп жазады Хабар 24 арнасы.

Жедел-жәрдем қызметіне бұл туралы ақпарат сағат 09:29-да келіп түскен.

Жол-көлік оқиғасы Қонаев шағын ауданындағы 51 үй аялдамасы аумағында тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, автобус бұрылыс жолда бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтіп бара жатады.

Сол кезде кран автокөлігі автобустың оң жақ бүйірінен келіп соққан. Бұл кезде автобуста жолаушылар аз болған. Дегенмен зардап шеккендер бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың хабарлауынша, іш пен бас жарақатын алған 33 пен 36 жастағы екі әйел адам кейін үйлеріне қайтарылды.

Ал 26 жастағы бойжеткенге жабық бас-ми жарақаты және мидың шайқаул диагнозы қойылды. Олар жердел-жәрдем көлігімен шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-домын алды.

Қазір құзырлы орган өкілдері осы оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды