Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен жүргізуші ұсталды

www.zakon.kz
Ведомство таратқан ақпаратқа сейкес, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысының 63 жастағы тұрғынын қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші анықталып, ұсталды»,- деп хабарлайды zakon.kz, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Іле ауданында биыл 5 желтоқсан күні орын алған. Белгісіз көліктің жаяу жүргіншіні қағып кетуі салдарынан 63 жастағы тұрғын көз жергілікті ауруханада жұмды. Қылмысқа қатысы бар көлік оқиға орынан із суытқан. Оның жүргізушісін анықтау үшін Іле аудандық полицияның жеке құрамымен қатар, облыстық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, Алматы қаласының тәртіп сақшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары көмекке тартылды.

«Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні табу мақсатында құрылған іздестіру тобы өте үлкен жұмыс атқарды. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншіні қағып кету мүмкін жеген күдікпен Қапшағай қаласының 31 жастағы азаматын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен жіберілді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Ведомство таратқан ақпаратқа сейкес, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, күдіктінің «Volkswagen» автокөлігі арнайы көлік тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды